КМ-СЦЛ электр сорғысы бар 161.00.00.00-07 сорғы блогы
Негізгі сипаттамалары
- Ең жоғары берілісі32 м³/сағ
- Ең жоғары арыны54 м
- Номиналды ток28,6 А
- Қуаттандыру кернеуі~380 В
- Электр қозғалтқышының қуаты15 кВт
- Габариттік өлшемдері1250х920х1245 мм
- Массасы (ең көбі)500 кг
Сипаттама
161.00.00.00-07 сорғы блогы (КМ-СЦЛ 80-65-180-200Е-Т2-У2 электр сорғысымен; 15 кВт) мұнай өнімдерін жерасты немесе жерүсті резервуарларынан УТЭД-М отын тарату қондырғыларына беруге арналған.
Сорғы блогы тұтқырлығы 6,00 сСт-қа дейінгі мұнай өнімдерін айдаған кезде газды бөлу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Блок отын резервуарларына тікелей жақын жерге орнатылады. Сорғы блогы резервуардан қашық орналасқан жағдайда, жеткізуші құбырдың ұзындығы мен диаметрі блоктың алдындағы қысымның сорғы паспорты деректерінде көрсетілген мәннен төмендемейтіндей таңдалады.
Сорғы блогы электр сорғысының алдындағы сору құбырына орнатылған, отынды 300 мкм-ге дейінгі қоспалардан тазартатын сүзгімен жабдықталады.
Қосымша (Тұтынушының тапсырысы бойынша) сорғы блогы резервуардағы сору құбырына орнатылатын және оның өніммен тұрақты толып тұруын қамтамасыз ететін қабылдау клапанымен жабдықталуы мүмкін.
Сорғы блогының құрамына мыналар кіреді:
- блокты сыртқы механикалық әсерлерден қорғайтын корпус (2-сурет). Ол дәнекерленген металл жақтаудан және мырышталған болаттан жасалған алынбалы панельдерден тұрады;
- жерасты резервуарларынан тұтқырлығы 20 сСт-тан аспайтын мұнай өнімдерін айдауға арналған КМ-СЦЛ 80-65-180-200Е өздігінен соратын электр сорғысы (3-сурет). Электр сорғысы жарылыстан қорғалған орындалымда жасалған және ТР ТС 012/2011, ТР ТС 010/2011 талаптарына сәйкес келеді;
- УТЭД-М қондырғысына берер алдында кинематикалық тұтқырлығы 0,55-тен 6,0 сСт-қа дейінгі айдалатын мұнай өнімдерінен бу мен ауаны шығаруға арналған 161.02.00.00-01 газ бөлгіші (4-сурет). Газды бөлу УТЭД-М қондырғысы арқылы өтетін мұнай өнімдерінің мөлшерін өлшеу дәлдігін арттыруға мүмкіндік береді.