АИМ 63–250 жарылыстан қорғалған электр қозғалтқыштары
Негізгі сипаттамалар
- Номиналды қуаты0,25–11 кВт
- Номиналды тогы0,76-21,4 А
- Синхронды айналу жиілігі750-3000айн/мин
- ПӘК62,0-88,5 %
- Массасы10,0-107,0 кг
Сипаттама
Мақсаты
АИМ типті асинхронды қозғалтқыштар жарылыс қаупі бар 1 және 2 сыныпты үй-жайлар мен сыртқы қондырғыларда орнатылған стационарлық машиналарды іске қосуға арналған. Бұл аймақтарда жарылыстан қорғау таңбалауына сәйкес IIA, IIB, IIC санаттарына және Т1, Т2, Т3, Т4 өздігінен тұтану топтарына жататын жанғыш газдардың немесе булардың ауамен қоспалары түзілуі мүмкін. Қозғалтқыштар химия, газ, мұнай өңдеу және басқа да сабақтас өнеркәсіп салаларында қолданылады.
АИМУ типті асинхронды қозғалтқыштар (АИМ сериясы) стационарлық машиналарды іске қосуға, сондай-ақ шахталардың кеніш газынан және (немесе) жанғыш шаңнан қауіпті жерасты қазбалары мен олардың жерүсті құрылыстарында пайдалануға арналған. Жарылыстан қорғау таңбалауына сәйкес мұндай ортаның құрамында кеніш газынан бөлек IIA, IIB санаттарына және Т1, Т2, Т3, Т4 өздігінен тұтану топтарына жататын жарылыс қаупі бар газ қоспалары едәуір мөлшерде болуы мүмкін.
Жалпы мәліметтер
АИМ қозғалтқыштары номиналды үш фазалы 220 немесе 380 В кернеуге, статор орамалары «үшбұрыш» немесе «жұлдыз» схемасымен қосылатын етіп жасалады. 380 немесе 660 В кернеуге арналған қозғалтқыштарды да жасауға болады.
Жарылыстан қорғау таңбалауы:
- АИМ63, АИМ71, АИМ80, АИМ90 — 1Ех db IIВ Т4 Gb X немесе 2Ех db еc IIB Т4 Gc X немесе 1Ех db IIB+H2 Т4 Gb X;
- АИМ100, АИМ112, АИМ132, АИМ160, АИМ180, АИМ200, АИМ250 — 1Ех db IIВ Т4 Gb X;
- кеніштік орындалымдағы АИМУ80 — PB Ex db I Mb X 1Ех db IIВ Т4 Gb X.
Номиналды ток пен синхронды айналу жиілігі 50 Гц ток жиілігіне арналған.
Электр қозғалтқышын жиілігі реттелетін жетектің құрамында пайдалануға болады.
Жақшада көрсетілген синхронды айналу жиілігі 60 Гц қозғалтқыштарға қатысты.
60 Гц қозғалтқыштар үшін іске қосу тогының номиналды токқа қатынасы 10%-ға артады.
Электр қозғалтқыштарының массасы IM1081 орындалымы үшін көрсетілген.
Пайдалану шарттары
Қоршаған ауа температурасы:
- -45-тен +40 °С-қа дейін — У климаттық орындалымы үшін;
- -10-нан +50 °С-қа дейін — Т климаттық орындалымы үшін;
- -60-тан +40 °С-қа дейін — УХЛ климаттық орындалымы үшін.
Салыстырмалы ылғалдылық:
- 25 °С-та 100% — У, УХЛ климаттық орындалымдары үшін;
- 35 °С-та 100% — Т климаттық орындалымы үшін.
Қозғалтқыштардың қорғау дәрежесі — IP54 немесе IP55.
Желдеткіш қаптамасының қорғау дәрежесі — ГОСТ 14254-96 бойынша IP20-дан төмен емес.
ГОСТ Р МЭК 60034-14-2014 бойынша электр қозғалтқыштарының діріл деңгейі 1,6 мм/с-қа дейін.
Қозғалтқыштардың сенімділік көрсеткіштері:
- күрделі жөндеуге дейінгі орташа ресурсы — 30000 сағ;
- істен шығуға дейінгі орташа атқарымы — 23000 сағ;
- есептен шығаруға дейінгі орташа қызмет ету мерзімі — 10 жыл.
Конструкциясы
Қозғалтқыштар жарылыс өтпейтін қабықпен жабық етіп жасалған және білікте орналасқан өз желдеткішімен салқындатылады. Қозғалтқыш статордан, ротордан, клемма қорабынан, мойынтірек қалқандарынан, желдеткіштен, қаптамадан және мойынтіректерден тұрады. Статор шойын корпустан жасалған. Статор орамасы ГОСТ 8865-93 бойынша қызуға төзімділік класы F (155 °С) оқшаулауы бар мыс сымнан орындалған. Ротор қысқа тұйықталған, алюминий құйылып жасалған.
Клемма қорабы қозғалтқыштың жоғарғы жағында орналасқан. Қорап конструкциясы оны орнату жазықтығында 90°-қа бұруға мүмкіндік береді. Клемма қорабында жезден жасалған үш өтпелі түйіспе болты бар. Қозғалтқыштарда үш жерге тұйықтау қысқышы бар: клемма қорабының ішінде, сыртында және корпуста.
Қозғалтқыштарды салқындату тәсілі — ГОСТ Р МЭК 60034-6-2012 бойынша IC0A1.
ГОСТ 2479-79 бойынша монтаждау тәсіліне қарай қозғалтқыштар IM1081, IM2081 және IM3081 орындалымдарында шығарылады. Арнайы тапсырыс бойынша басқа орындалымдарда да жасалуы мүмкін. Сериялық АИМ қозғалтқыштарының негізінде арнайы орындалымдарды жасауға болады:
- ұзартылған білік;
- арнайы фланец;
- екі білік ұшы бар қозғалтқыштар;
- қаптамасыз және желдеткішсіз қозғалтқыштар;
- біліктің ұшына ішкі немесе сыртқы бұранда салу мүмкіндігі;
- қарсы бөлшекке арналған шлицті қосылыс;
- орамасы екі рет сіңдірілген қозғалтқыштар.
Шартты белгілену құрылымы
Мысал: AIM63A2У2,5 AIM63B2T2
- АИМ — серияның белгіленуі;
- 63 — айналу осінің биіктігі (габариті), мм;
- A, B, L, S — корпус ұзындығы бойынша орнату өлшемі;
- 2, 4, 6 — полюстер саны;
- УХЛ, У, Т — ГОСТ 15150-69 бойынша климаттық орындалымы;
- 1, 2, 5 — орналастыру санаттары.