Сатылымда

КМ-Е консольді-моноблокты сорғылары, 100–320 м³/сағ

Негізгі сипаттамалары

  • Беріліс диапазоны100–320 м³/сағ
  • Арын диапазоны40-90 м
  • Электрқозғалтқыштың қуаты30-90 кВт
  • У климаттық орындалымы үшін қоршаған орта температурасы-40-+50 °С
  • ХЛ климаттық орындалымы үшін қоршаған орта температурасы-60-+40 °С
  • Сұйықтықтың ең жоғары тұтқырлығы100 сСт (10-4 м²/с)
  • Қатты бөлшектердің ең жоғары мөлшері0,2 %
  • Қатты бөлшектердің ең үлкен өлшемі0,2 мм
  • Тығыздағыш түріқос шетжақтық
  • Қарсы фланецтердің қысымы10 кгс/см²

Сипаттама

Мақсаты

К-м типті ортадан тепкіш консольді-моноблокты электр сорғылары (бұдан әрі — электр сорғылары) температурасы минус 40-тан плюс 50 °С-қа дейінгі, тұтқырлығы 10⁻⁴ м²/с-қа (100 сСт) дейінгі, құрамындағы қатты өлшенген бөлшектердің мөлшері 0,2%-дан аспайтын және өлшемі 0,2 мм-ден аспайтын мұнай өнімдерін айдауға арналған.

Климаттық орындалымы

Электр сорғылары ГОСТ 15150-69 бойынша У климаттық орындалымында, орналастыру санаты 2 болып жасалады.

Суық климатты аймақтарда пайдалану үшін электр сорғылары ГОСТ 15150-69 бойынша ХЛ орындалымында, орналастыру санаты 2 болып жасалуы мүмкін (минус 60-тан плюс 40 °С-қа дейін).

Конструкциялық орындалымы

Сорғы — ортадан тепкіш, консольді-моноблокты, бір сатылы, көлденең.

Жиынтықтағы тығыздағыш түрі — шетжақтық (қосарланған).

Электр сорғыларының конструкциясында мына датчиктерді орнатуға арналған орындар қарастырылған:

  • дірілді бақылау датчигі;
  • бак-сыйымдылықтағы салқындатқыш сұйықтық деңгейін бақылау датчигі;
  • мойынтіректер температурасын бақылау датчигі (электр қозғалтқыштың фланеці мен қалқаны).

Электр сорғылары корпусының арынды келтеқұбырында «құрғақ жүріс» датчигін орнатуға арналған орын қарастырылған.

Сорғы корпусының кіріс және шығыс фланецтерінде мановакуумметр мен манометрге жалғанатын қысымды бұру түтіктеріне арналған бұрандалы тесіктер, сондай-ақ айдалатын сұйықтық температурасын бақылау датчигін орнататын тесік бар.

Сорғы корпусының кіріс және шығыс келтеқұбырлары ГОСТ 12815-80 стандартына сәйкес Ру 10 кгс/см² қысымына арналған қарсы фланецтерге жалғанатындай етіп жасалған.

Бұйымның құрамы:

  • қос шетжақтық тығыздағышы бар электр сорғысы;
  • шетжақтық тығыздағыш торабына салқындатқыш (жапқыш) сұйықтықты жеткізу жүйесі;
  • манометр;
  • мановакуумметр;
  • «Іске қосу», «Тоқтату», «Апаттық тоқтату» түймелері бар басқару посты;
  • экологиялық науасы бар тірек жақтау;
  • қарсы фланецтер жиынтығы.

Тапсырыс берушінің талабы бойынша электр сорғысы мына жабдықтармен қосымша жинақталуы мүмкін:

  • сорғы агрегатын автоматтандыру жүйесі:
    • датчиктер жиынтығы;
    • ақпарат жинау контроллері;
    • сорғы агрегатын басқару контроллері;
    • сорғы агрегатын басқару шкафы;
  • арынды және сору келтеқұбырларына арналған компенсаторлар;
  • бекіту арматурасы (тапсырыс берушінің қалауы бойынша).

Электр сорғыларының ерекшеліктері:

  • конструкциясы қарапайым әрі сенімді;
  • жөндеу және қызмет көрсету шығындары төмен;
  • сенімді өндірушінің қос шетжақтық тығыздағышы;
  • діріл мен шу деңгейі төмендетілген;
  • бағасы тартымды.

Қолданылу саласы

  • мұнай-химия және мұнай өңдеу өндірістері;
  • отын беруге және мұнай өнімдерін айдауға арналған технологиялық желілер;
  • айдау сорғы станциялары;
  • технологиялық процестер;
  • мұнай базалары;
  • АЖҚС;
  • майды экстракциялау жүйелері.

Шартты белгіленуі

Тапсырыс берген кезде электр сорғысының шартты белгіленуін жазу үлгісі:

Электр сорғысы КМ 150-100-200-Е-м-У2 ТУ 3631-120-75666544-2007

К — консольді;
150 — сору келтеқұбырының диаметрі, мм;
100 — айдау келтеқұбырының диаметрі, мм;
200 — жұмыс дөңгелегінің номиналды диаметрі, мм;
Е — жарылыс қауіпті аймақтарда сұйықтықтарды айдауға арналған;
м — моноблокты орындалым;
У — климаттық орындалым;
2 — орналастыру санаты.